$470.28 €537.53 ₽5.99
×

Қазақстан құрамасы дрон-футболдан үздік ондыққа енді

20.07.2026ж. 03:32
Қазақстан құрамасы дрон-футболдан үздік ондыққа енді

Дрон-футболдан Оңтүстік Кореяда өткен FIDA Intercontinental Cup 2026 халықаралық турнирінде ұлттық құрамамыз үздіктер қатарынан көрінді. 

Сонымен бірге Қазақстан командасы халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары баға алды.

Халықаралық дрон футболы турниріне 20-дан астам мемлекет қатысып жатыр. Елімізден 26 сайыскер бар. Олар диаметрі 20 сантиметрлік шар тәрізді дрондар қолданылатын «Класс 20» санаты бойынша сайысқа түсіп жатыр. Ал шарлары екі есе үлкен «Класс 40» санатында ұлттық құрама командалар жарысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар.