“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жергілікті блогерлермен бірлесіп, шетелдік тіркеудегі көліктерді заң талаптарының сақталуына тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген тәртіппен тіркелмеген Toyota Alphard, Hyundai Santa Fe, Hyundai Sonata, Toyota Camry және BMW маркалы 5 автокөлікті анықтады. Аталған көлік жүргізушілері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер көлік иелеріне шетелдік тіркеудегі автокөліктерді пайдалану тәртібіне қатысты заңнама талаптарын түсіндіріп, көлік құралдарын уақытылы тіркеудің маңыздылығын жеткізді. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырды.