Атырау облысында жол апатынан жолаушы қаза тапты. Бақытсыз оқиға Атырау–Индер автожолының 56-шақырымында, яғни Махамбет ауданы аумағында болды. Toyota Sienna және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, салдарынан Toyota Sienna автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі дене жарақатын алған төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді.
ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталуда.