Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астананың 20 жылдық мерейтойы қалай тойланатыны белгілі болды

AstanaTV
22.02.2018ж. 20:00
4227
Астананың 20 жылдық мерейтойы қалай тойланатыны белгілі болды

Астананың 20 жылдық мерейтойы қалай тойланатыны белгілі болды. Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің мамандары 175 мәдени және спорт шаралары бекітілгенін айтты. Биылғы жылдың маңызды оқиғасына қанша қаражат бөлінеді? Мерейтойға дайындық қалай жүріп жатыр? Тілішіміз Диана Сапарқызы сабақтайды.

«ЕХРО» алаңы бос тұрмайды. «Ел жүрегі-Астана» атты елорда мерейтойының салтанатты ашылуы осы жерде бастау алады. Әлемдік деңгейдегі ауқымды іс-шараларға арналған бірегей мәдени бағдарлама құрылған. Онда 100-ден астам ерекше жоба қарастырылып отыр. Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов «Астана Опера» театрында Пуччинидің «Турандот» туындысының заманауи режиссурасын ұсынбақ. Әзірге әлемге әйгілі режиссермен келісім жүргізіліп жатқан көрінеді. Әзірге ұйымдастырушылар мұндай жобаларға қанша қаражат жұмсалатынын білмейді.

Алмаз Нұразхан, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры:

Әзірге айтылып жатқан жобалар келісімдер жүргізу деңгейінде тұр. Жоба авторлары қанша қаржы қажет екенін айтқан жоқ. Сондықтан әзірге айта алмаймыз. Ол туралы кейін хабарлайтын боламыз.

Астананың күнінің әлемдік деңгейде тойланады деуі бекер емес. Бірқатар елде Қазақстан жылы өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елдің 20 танымал спортшысы мен әртісі «Астана шеруі» атаумен Еуропа елдері мен Пекин, Сингапур, Мәскеу қалаларын аралайтын болады.

Тұңғыш рет Астана мюзикл театры аңызға айналған француз-канадалық «Нотр-Дам де Пари» музыкалық шығармасын Рикардо Коччанте мен Люк Пламондонмен бірге орындайтын болады. Мариинский секілді әйгілі театрлар опера және балет шедеврлерін ұсынбақ. "Астана балет" театрында да жұмыс қызу. Бәрі әлемдік деңгейде өту үшін АҚШ-тан кәсіби хореограф та шақыртылған.

Валерий Күзембаев, "Астана Балет" театрының директоры:

Дүниежүзіне танымал Амерканың белгілі хореографымен жұмыс жасайтын боламыз. Никола Фунте бізге балеттің түрлі көріністерін дайындап жатыр. Бұл балет өнерін сүйер қауымға үлкен сыйлық болады.

Диана Сапарқызы, тілші:

Жазда "Астана Опера" театры əлем классикасының жаухары "Жизель" қойылымын көрсетеді. Қазір бишілер оның премьерасына білек сыбана кіріскен. Биыл Ұлттық хореографиядағы маңызды халықаралық оқиға ретінде бұл жерде еуразиялық би фестивалі болады. Оған Ақш, Қытай, Нидерландының балет труппасы қатысады.