$469.59 €536.22 ₽5.96
×

Президент бірнеше елдегі елшіні ауыстырды

22.07.2026ж. 09:20
Президент бірнеше елдегі елшіні ауыстырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 22 шілдеде бірқатар кадрлық өзгерістер туралы жарлықтарға қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Сонымен бірге:

  • Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
  • Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.