$469.59 €536.22 ₽5.96
×

Қарағандылық тұрғын Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құсты үйінде заңсыз ұстаған

22.07.2026ж. 14:00
Қарағандылық тұрғын Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құсты үйінде заңсыз ұстаған
фото: ҚМА

Қарағандылық тұрғын үйінің ауласында заңсыз тәлімбақ ұйымдастырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті 2017 жылдан бері «Құсбегілік» федерациясының және Қазақстанның ұлттық құсбегілік құрамасының мүшесі.

Тергеу мәліметінше, күдікті Instagram парақшасы арқылы сирек жыртқыш құстарды жеткізетін адамдармен байланыс орнатқан. Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 35 жыртқыш құс тәркіленді. Олардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына енген ителгі, бүркіт және лашын бар.