Екі чемодан есірткі. Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдақ болған 22 жастағы бойжеткен 16 жылға сотталды. Ол аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасы және заңсыз айналымы бойынша кінәлі деп танылды. Жас қыз ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскен. Ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден ұсталды. Прокуратура әлеуметтік желідегі «оңай табыс» пен тегін саяхат уәделерінің артында халықаралық есірткі тасымалдау схемалары тұруы мүмкін екенін ескертеді. Үкім заңды күшіне енді.