×

Қазақстан Қытай мен Иранға бидай экспортын ұлғайтады

AstanaTV
19.02.2016ж. 20:00
1590
Қазақстан Қытай мен Иранға бидай экспортын ұлғайтады

Қазақстан Қытай мен Иранға бидай экспортын ұлғайтады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ведомствоның алқа мәжілісінде айтты. Аспан асты еліне отандық бидай 2009-2010 жылдардан экспорттала бастаған. Бірақ Қытай квоталық талап қойып, 150 мың тоннадан артық алмай келген. Бірқатар фиотсанитарлық шектеулер де енгізген. Ал бүгінде ол талаптардың барлығын алған. Енді 2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап астық квотасы 3 есеге ұлғайтылды.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бұл жердегі кедергінің бірі - ол бидайды қапшыққа тиеп, оның басын тігіп, солай ғана сату деген талап қоятын Қытайдың фитосанитарлық қызметі. Қазір ол кедергі алынып тасталды. Екіншіден, олар өздерінің Қазақстанға деген квотасын көбейтті. Биыл 500 мыңға дейін. Ары қарай 1 млн тонна, одан да артық көбейтеміз деген уәдесі бар. 

Министрлік бидай экспортын санкциялардан енді ғана көз ашқан Иранға да ұлғайтқалы отыр. Бұл бағытта инфрақұрылымда қиындықтар жоқ. Қазақстан астығы Ақтау теңіз порты және Түркменстан темір жолы арқылы жеткізілмек.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бидай өте көп көлемде экспортталып жатыр. Тек қана бидай емес, басқа да дәнді дақылдардың түрлері, мал азығына қажетті дақылдар жылдан жылға ұлғайып жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ