$467.65 €533.26 ₽5.96
×

Өндірістік цех отқа оранды

Өндірістік цех отқа оранды
ТЖМ

Құтқарушылар Шымкент қаласындағы Шымкент көшесінде болған өртті толық сөндірді.

Нақтыланған мәлімет бойынша өрт бір қабатты өндірістік цехтан шыққан.

Оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап ТЖМ қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жүргізді. Жедел өрт сөндіру штабы құрылып, қаланың коммуналдық қызметтерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Су үздіксіз берілді.

Құрылыстардың тығыз орналасуына байланысты өрттің жақын маңдағы тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарына таралу қаупі болды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалпы аумағы 400 шаршы метр болатын тұрғын үй мен оның жанындағы шаруашылық құрылысына өрттің таралуына жол берілмеді.

Өрт 570 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 76 қызметкер мен 20 техника жұмылдырылды.