$465.74 €531.08 ₽5.92
×

Жамбылда жүк вагоны адам қағып кетті

AstanaTV
23.07.2026ж. 19:00
Жамбылда жүк вагоны адам қағып кетті

Жамбылда жүріп келе жатқан жүк вогонының астанда адам қалып қойды.  Өткелден өтпек болған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиға осыдан үш күн бұрын болсада аудандық ауруханада жатқан әйел әлі есін жимаған. Бұл сұмдық жағдай Шу станциясының бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Мұнда пойыз емес жалғыз жүріп келе жатқан жүк вогонын байқауға болады. Қас қарайып қалған сәтте жаяу жүргіншілерге арнап жасалған жерден өтіп бара жатқан адамды қағып кетеді. Қазір теміржол көлігін пайдалану және жүріс ережесін бұзу бойынша көлік полициясы қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал вогон астында қалған әйел алған көп жарақатына байланыста бүгінгі күнге дейін реанимация бөлімінде протокол бойынша ем алып жатыр.