$465.74 €531.08 ₽5.92
×

Түркістанда 3 миллиард теңгені жымқырған 27 адам сотталды

AstanaTV
23.07.2026ж. 19:00
Түркістанда 3 миллиард теңгені жымқырған 27 адам сотталды

Түркістанда мемлекеттен бөлінген 3 миллиард теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген қылмыстық топқа сот үкімі шықты. Іске қатысы бар 27 адам 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген жеңілдетілген несиені алу үшін жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерді тіркеген. Кейін қолдан жасалған құжаттарды өткізіп, шын мәнінде жоқ малға және жоқ мүлікке несие рәсімдеген. Қылмысқа несие рәсімдеген мамандар, мүлікті бағалаушылар мен нотариустар да қатысқан. Олар жалған құжаттарды заңды етіп көрсетіп, жоқ мүлікті кепіл ретінде рәсімдеп берген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу барысында 33 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анықталды. 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан ұсынылған. Сот шешімімен мемлекет кірісіне 19 тұрғын үй, 10 жер учаскесі, 2 пәтер, 4 коммерциялық үй-жай және 4 автокөлік тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.