$465.74 €531.08 ₽5.92
×

938 мың қазақстандық шетелге шыға алмайды

AstanaTV
23.07.2026ж. 19:00
938 мың қазақстандық шетелге шыға алмайды

Бүгінде 938 мың 244 қазақстандыққа шетелге шығуға уақытша шектеу қойылған. Бұған негізгі себеп өтелмеген берешек. Мұндай шектеу қарыз сомасы 40 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 173 мың теңгеден асқан жағдайда немесе алимент үш айдан астам уақыт төленбегенде қолданылады. Азаматтар өздеріне шетелге шығуға тыйым салынған-салынбағанын AdiletGov қосымшасы немесе Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тегін тексере алады. Айта кетейік, ел бойынша 5 миллионнан астам атқарушылық іс жүргізу өндірісі орындалу сатысында тұр.