$465.74 €531.08 ₽5.92
×

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады
Фото: pixabay

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Алимент алушылар арнайы шот ашып, оның деректемелерін сот орындаушысына ұсынуы тиіс.

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Арнайы шоттағы қаражатқа тыйым салынбайды және басқа берешектер бойынша өндіріп алу қолданылмайды. 

Арнайы шот ашылмаған жағдайда борышкердің алимент төлеу міндеті сақталады. Бірақ шот деректемелері ұсынылғанға дейін өндірілген қаражат аударылмайды.