Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларды, тіпті қысқа уақытқа болса да, қараусыз қалдырмауға шақырды.
Көкшетау қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары пәтер ішінде қамалып қалған үш жасар балаға көмек көрсетті.
112 қызметіне көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтерде 2022 жылы туған баланың жалғыз қалып қойғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік жабдықты пайдаланып, пәтерге сырттан кіру туралы шешім қабылдады.
Құтқарушылар тоғыз қабатты тұрғын үйдің шатырынан жетінші қабатқа дейін түсіп, балкон арқылы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашқан.
Бала аман-есен құтқарылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларды, тіпті қысқа уақытқа болса да, қараусыз қалдырмауға шақырды.