$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Қызылордада рақымшылық аясында алғашқы азамат түрмеден босатылды

Қызылордада рақымшылық аясында алғашқы азамат түрмеден босатылды
Фото: polisia.kz

Бостандыққа шыққан азамат алдағы уақытта заң талаптарын сақтап, отбасымен қауышып, адал еңбек етуге ниетті екенін жеткізді.

Қызылорда облысында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң аясында алғашқы сотталған бостандыққа шықты.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтың өтелмеген төрт айлық жаза мерзімі Қызылорда қаласының №2 сотының қаулысымен қысқартылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Бостандыққа шыққан азамат алдағы уақытта заң талаптарын сақтап, отбасымен қауышып, адал еңбек етуге ниетті екенін жеткізді.

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, рақымшылық туралы заң өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 140-тан астам сотталғанға қолданылады.

Сонымен қатар Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 154 сотталғанға қатысты рақымшылық заңын қолдану жөніндегі материалдар сотқа жолданған. Оның ішінде 17 адам жазадан толық босатылуға жатады.

Бүгінгі күнге дейін үш сотталғанға қатысты сот отырысы өтіп, сот қаулысымен олар жазадан босатылған.