$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық форумға қатысу үшін Омбыға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық форумға қатысу үшін Омбыға барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясының ресми тұлғалары күтіп алды
 

Мемлекет басшысы ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа ресми тұлғалар күтіп алды.

Ауқымды шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі мен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауы жоспарланған.