$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Банк қызметкерімен деп алдап, 15 миллион теңгесін алмақ болды

Банк қызметкерімен деп алдап, 15 миллион теңгесін алмақ болды
Полиция

Қостанай облысының тұрғыны «банк қызметкерлерінің» телефон қоңырауына сеніп, барлық жинаған қаржысынан айырылып қала жаздады. Полиция қызметкерлері дер кезінде араласып, азаматтың 15 миллион теңгесін сақтап қалды.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз адамдар өзін банк өкілі ретінде таныстырып, ер адамға «жинақ ақшаңызға қауіп төніп тұр» деп хабарласқан. Олар қаржыны аман сақтау үшін жедел түрде «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігін айтып сендірген. Алаяқтардың әрекетінен тұрғын 4,5 миллион теңгесінен айырылған. Алайда полиция қызметкерлері қылмыстық әрекетті дер кезінде тоқтатып, азаматтың 15 миллион теңге көлеміндегі қаржысын сақтап қалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, қылмыскерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары екінші деңгейлі банктер, полиция немесе мемлекеттік орган өкілдері азаматтардан ешқашан ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етпейтінін еске салады.