112 қызметіне Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Нұр-Атакент саяжай алабында орналасқан екі қабатты салынып жатқан тұрғын емес жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары, сондай-ақ Түймебай ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының мүшелері жұмылдырылды. Барлау барысында екі қабатты аяқталмаған тұрғын емес жеке үйдің жанып жатқаны анықталды.
Өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан көлемі 27 литр болатын газ баллонын алып шықты. Қызметкерлердің жедел әрекетінің арқасында жағдайдың күрделенуіне жол берілген жоқ.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Газ баллондарын сақтау және пайдалану белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Бұл өрттің алдын алуға, адам өмірі мен мүлкін сақтауға көмектеседі.