Қазақстанда шілденің төртінші жексенбісінде Сауда жұмыскерлері күні атап өтіледі. Бұл сала мамандары халықты қажетті тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етіп, экономиканың дамуына үлес қосып келеді. Бүгінде дәстүрлі саудамен қатар, онлайн сауда да қарқынды дамып, адамдарға қажетті заттарды тез әрі ыңғайлы сатып алуға мүмкіндік беруде.