Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі қарағандылық санитарлардың балалардың улы киімдері туралы ақпаратын тексеретінін мәлімдеді

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
2226
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі қарағандылық санитарлардың балалардың улы киімдері туралы ақпаратын тексеретінін мәлімдеді

Балалардың улы киімі Қырғызстаннан шығарылғаны рас па? Мұны анықтау үшін көрші елдің денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізбек. Министрдің мәлімдемесін Тенгриньюс сайты хабарлады. Онда министр бұл ақпаратты бақылауға алып, нақты шара қолданатынын айтқан. "Қызметтік тексеру жүргізіп, дәлелденсе, істі прокуратураға тапсырамын", - деген. Алдымен киімнің Қырғызстанда өндірілгені не Қырғызстан арқылы жеткізілгені тексерілмек. Егер ақпарат расталса, бұл компаниялар жабылмақ.

Бұған дейін Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері балалар киімдерінен улы зат - формальдегид анықталғанын хабарлаған. Санитарлық дәрігерлердің мәліметінше, киімдер Қырғызстаннен әкелінген. Кәсіпкерлер оларды Алматы, Бішкек қалаларының базарларынан тасиды. Олардың құрамында формальдегидтің мөлшері өте жоғары. Ол тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесін зақымдайды. Көз, тері ауруларына шалдықтырады. Әйткенмен, қырғызстандық киім саудасына тосқауыл қою мүмкін болмай отыр. Өткен жылы тексерулер нәтижесінде 40-қа жуық кәсіпкерге ескерту жасалып, 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған.