$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Алматы облысында құтқарушылар Карнизный шыңынан зардап шеккен туристі эвакуациялады

Алматы облысында құтқарушылар Карнизный шыңынан зардап шеккен туристі эвакуациялады
ТЖМ

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Карнизный шыңы маңында турист 4500 метр биіктікте тауға шығу кезінде тас көшкініне тап болып, аяғы мен бетінен жарақат алған. Оқиғадан кейін оның орналасқан жері белгісіз болып, таулы аймақтан өздігінен шыға алмаған.

Іздеу жұмыстарына Конаев қаласының жедел-құтқару жасағының, ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары және Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің күштері шұғыл түрде кірісті. Әріптестермен бірлесіп іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, оның барысында зардап шеккен адамның орналасқан жері анықталды.

Жедел эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Зардап шеккен адам Боралдай әуежайына жеткізіліп, ол жерде оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қарсы алды. Кейін ол Алматы қаласының қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды.