$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

Көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
DOMINIQUE FAGET/AFP via Getty Images

Павлодар оьлысы Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмған. Еңбек инспекциясы қайғылы оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінен хабарлады.

Жазатайым оқиға 2026 жылғы 24 шілде күні Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алып, салдарынан қаза тапқан, — деп мәлімдеді мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Еңбек инспекциясының мамандары қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

 

Алдыңғы жаңалық