$476.07 €541.86 ₽6.08
×

«Баян бәрін татуластырды»: Тұрсын Алагөзовтың Түркиядағы отбасылық демалысы қызу талқыға түсті

«Баян бәрін татуластырды»: Тұрсын Алагөзовтың Түркиядағы отбасылық демалысы қызу талқыға түсті
Фото: әлеуметтік желі

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың Түркиядағы отбасылық демалысы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Кәсіпкер қазіргі жұбайы Баян Алагөзова қызымен бірге бір жерде демалып жүрген сәттерін жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Желіде тараған кадрларда Тұрсын Алагөзов, Баян Алагөзова, Айсәуле Бақытбекқызы және олардың жақындары бірге уақыт өткізіп жүргені байқалады. Сондай-ақ видеода кәсіпкердің қызы да бар.  
Желі қолданушылары: «Баян бәрінің басын қосты», «Баянның кеңдігіне риза болдым», «Осындай түсіністік әр отбасына бұйырсын», «Не болып жатыр өзі?», «Жақында бәрі дос болып кететін сияқты» деген пікірлерін жарыса жазуда.

Айта кетейік, Тұрсын Алагөзов пен бұрынғы жұбайы арасындағы мүлікке қатысты сот дауы бірнеше жылға созылған болатын.