$476.75 €541.59 ₽6.06
×

Дастан Сәтпаев дебюттік ойында алғашқы голын соқты

AstanaTV
28.07.2026ж. 19:00
Дастан Сәтпаев дебюттік ойында алғашқы голын соқты

Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы голын соқты. 17 жастағы қазақстандық футболшы Аустралияның «Уестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өткен жолдастық кездесуде алаңға алғашқы минуттардан шықты. Бас бапкер Хаби Алонсо жас шабуылшыға негізгі құрамнан орын беріп, сенім артты. Сәтпаев бұл сенімді толық ақтап, кездесудің 6-минутында қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Челси» жейдесіндегі алғашқы голын соқты.