Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы камбэк жасап, әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Бүгін Гонконгта семсерлесуден әлем чемпионатында ерлер арасындағы командалық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама сапындағы Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов төрттігі таңдаулы сегіздікке кіру үшін Өзбекстан құрамасымен кездесті. Бәсеке барысында есе жіберіп келе жатқан біздің спортшылар кездесудің соңғы сәттерінде қарқынды үдетіп, 28:27 есебімен тамаша жеңіске жетті.
Енді отандастарымыз жартылай финалға берілер жолдаманы Дания құрамасымен сарапқа салады.