$477.17 €543.26 ₽6.01
×

Павлодарда әйелдің басына мұз кесегін лақтырған адам табылды

29.07.2026ж. 19:00
Павлодарда әйелдің басына мұз кесегін лақтырған  адам табылды

Павлодарда әйелдің басына мұз кесегін лақтырған  адам табылды. Еске салайық, қала тұрғынының басына мұз құлап, басы жарылған болатын. Бірақ, оны кім жоғарыдан лақтырғаны табылмай жатқан еді. Полиция анықтағандай, ол 12 жастағы оқушы болып шықты. Баланың айтуынша, ол мұзды әдейі лақтырмаған.  Үйінің балконында тұрып, мұзды сындырмақ болыпты. Терезе жақтауына қойып ұрған кезде мұз қолынан сырғып кеткен.  Қолдан тайып кеткен мұз абайсызда әйелдің басына түскен.  Бұл  мәселе бойынша баланың ата-анасы жауапгершілікке тартылатын болады.

СҰЛТАН РЫСПАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ОҢТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиғадан қорыққан балалар болған жағдай туралы ересектерге айтпаған және ата-аналарынан жасырған. Баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналар болған жағдайды толық мойындап, өкініш білдірді.