$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Балаға қол көтерген əкім қызметінен босатылды

AstanaTV
27.02.2018ж. 20:00
2865
Балаға қол көтерген əкім қызметінен босатылды

Баланы тепкінің астына алған Қорғалжын ауылының əкім қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі бүгін фейсбук парақшасында хабарлады. 8 сынып оқушысын соққыға жығып, ауруханадан бір-ақ шығарған Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың ісіне қатысты тəртіптік кеңес отырысы өткен. Онда кеңес мүшелері бірауыздан ауыл әкімін қызметінен босату туралы ұсыныс білдірген. Ал аудан әкімі оны мақұлдаған. Онда ауыл әкімінің әрекеті Мемлекеттік қызмет туралы заңға және мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексіне қайшы екені жазылған.

Айта кетейік, Қорғалжын ауданының тұрғыны Айгүл Бекжанова Фейсбук әлеуметтік желісіне  мектепте оқитын ұлы Диас Мұқанды Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров соққыға жыққандығы туралы жазған болатын. Дәрігерлер оның миы шайқалған деген диагноз қойған. Мектеп оқушысының жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.