Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Улы балалар киімдері Қырғызстанда шығарылмауы мүмкін

AstanaTV
27.02.2018ж. 20:00
4942
Улы балалар киімдері Қырғызстанда шығарылмауы мүмкін

Балалардың улы киімдері Қырғызстанда шығарылмауы мүмкін. Өйткені формальдегид анықталған күртелер мен жейде, белдемшелер мен сәби жабдықтарының өндірілген орны мен сапа сертификаты жоқ. Бұл туралы бүгін Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері арнайы брифингте мәлімдеді.

Юрий Залыгин, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

Бұл киімдер Қырғызстан фабрикалары мен зауыттарында шығарылмауы мүмкін. «Қырғызстанда жасалған» деген заттаңбасы болғанмен, басқа заңды құжаттары жоқ. Оның үстіне улы зат кей киімдерден ғана шықты. Олардың қайда тігілгенін анықтай алмаймыз.

Еске салсақ, өткен аптада қарағандылық санитарлар «Қырғызстанда жасалған» заттаңбасы бар балалар киімдерінің құрамынан ағзаға зиян формальдегид анықталғанын мәлімдеген. Улы зат тыныс алу жолдары мен теріні, жүйке жүйесін зақымдайды. Мамандардың айтуынша, 2017 жылғы тексерулер нәтижесінде күмәнді киімдер сөрелерден алынған.