$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Ақтаулық бірнеше тұрғынға несие төлемі бойынша екінші деңгейлі банктер жеңілдік қарастыратын болды

AstanaTV
27.02.2018ж. 20:00
2213
Ақтаулық бірнеше тұрғынға несие төлемі бойынша екінші деңгейлі банктер жеңілдік қарастыратын болды

Екінші деңгейлі банктер ақтаулық 17 тұрғынның несие төлеміне жеңілдік қарастырады. Борышкерлерге қарызды төлеудің ыңғайлы кестесі жасалып, енді бірінің пайыздық өсімі мүлде алынып тасталмақ. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің өкілі Жұмажан Жүкеновтің аймаққа сапары барысында белгілі болды. Ол банкирлермен, мемлекеттік орган басшыларымен, сондай-ақ еңбек ұжымдарымен кездесті. «Мұнайтелеком» компаниясы жұмысшыларымен өткен жиында ақпараттық қауіпсіздік жайы сөз болды. Үкімет бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатыр,- дейді Жүкенов. Ал несиесін төлей алмай қиналған 17 тұрғынның мәселесі борышкерлер мен банк жетекшілерінің басқосуында  шешілді. 

Жұмажан Жүкенов,  «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің бас консультанты:

Елбасының "біз қиын уақытта банктерге көмектестік, енді олар бізге көмектессін" деген қағидасын алға тартып отырмыз. Банктер көмегін тартудамыз, кейбірінің пенясын алып тастады, кейбірінің басқа төлеу кестесін құрды. Неге десеңіз, әркімнің өзінің қиыншылығы бар. Сондықтан біз әр адамның мәселесін мұқият қарап шешуге ықпал жасадық.