$469.85 €542.16 ₽5.78
×

ШҚО-да колонияға жаңа келгендерді қорғаймыз деп ақша бопсалаған

ШҚО-да колонияға жаңа келгендерді қорғаймыз деп ақша бопсалаған

Шығыс Қазақстан облысында колонияға жаңа келгендерді қорғаймыз деп ақша бопсалаған екі сотталушыға қатысты үкім шықты. Алдымен олар жаңадан келген сотталушыны бопсалап, ақша талап еткен. Кейіннен қос қылмыскер оған күш көрсетеміз деп қоқан-лоқы жасаған. Тыныш жүруің үшін қорғаймыз және тиіспейміз деген желеумен одан жүйелі түрде ақша алып отырған. Сот шешімімен олардың бурынғы бас бостандығынан айыру мерзімдеріне жаңа жаза қосылып, мерзімдері ұзартылмақ.