Құрылтай сайлауына қатысатын 7 саяси партия арасында бүгін екінші Ұлттық теледебат өтеді. Тура бір сағаттан кейін тікелей эфирде қызу пікірталастыратын партия өкілдері дайындықтарын пысықтауда. Соңғы ақпараттарды дәл қазір әріптесім Еркелді Тілеуқұл баяндап бермек. Еркелді, қайырлы кеш! Партиялар бұл жолы қай тақырыпта сөз таластырады.
ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:
Қайырлы кеш, Өмір! Бүгін Құрылтай сайлауында бақ сынайтын 7 саяси партия өкілдері білім беру саласында пікір таластырады. Күні кеше тікелей эфирде жеребе тарту рәсімі өтіп, партиялардың кезегі анықталды. Осы жолы Ұлттық теледебат 4 кезеңнен тұрады. Партиялар тақырыпқа байланысты саяси бағдарламасын таныстырады. Артынша, білім беру саласындағы бастамаларды талқылайды. Одан кейін студиядағы көрермендердің сұрағына жауап береді. Соңында сайлаушыларға үндеу жасайды. Қазір, біздің жанымызда саясаттанушы тұр. Теледебатты тікелей эфирде ұйымдастырудың маңыздылығы неде? Бұл саяси бағдарламаны таныстыру ма, әлде өз қарсыластармен пікірталаста жеңіп шығу ма?
ЗЕЙІН ӘЛІПБЕК, ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ:
Әрине, Құрылтайдан орын алудан үміткер еліміздегі саяси партиялардың осы бір күн қалың, дүйім жұрттың көз алдында тікелей эфирде өздерінің саяси бағдарламаларымен елді таныстыруы, оны қорғап шығуы, бұл - өте керек нәрсе сөзсіз. Өйткені саяси партиялар үгіт-насихат науқаны кезінде еодікң ткпір-түкпірін аралап, 20 млн 500 мың адаммен кездесуге мүмкіндігі болмауы мүмкні. Бірақ осындай теледидар арқылы, әлеуметтік желілер арқылы, тікелей эфир арқылы мысалы осындай дебаттар еліміздің кез-келоген азаматына қолжетімді. Тікелей эфирде өзі көріп таныса алады. Меніңше, осындай саяси партиялардың арасындағы дебатта ең маңыздысы - партиялардың бір-бірін жеңуге тырысуы немесе аяқтан шалуынан гөрі әр саяси партияның өз алған міндеттерінің қандай екенін таныстыруы маңыздырақ. Енді ең бастысы - бүгін енді уәделер, дүниелер көп айтылады. Мысалы бүгінгі тақырып - еліміздің білім саласында осы партиялардың ұсынып отырған ұсыныстары. Өте маңызды тақырып. Қалың ел білгісі келеді. Ертеңгі күні еліміздің болашағы, білім саласынңы болашағында қандай өзгерістер күтіп тұр немесе болмауы мүмкні деген сияқты. Сондықтан бұның маңызында шек жоқ. Ең бастысы мен үшін осныдай саяси партиялардың өз бағдарламасын таныстырып, қорғай алуы. Менің өзім бүгінг дебатқа жай қарапайым азамат ретінде келіп отырмыз. Қай партия не ұсынады? Қандай идеялар бар? Қандай ниеті бар? Лсы тұрғыдан клегенде маңызы үлкен деп ойлаймын.
ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:
Пікіріңізге рақмет! Айта кетейік, тікелей эфирде теледебатты тамашалап отырған әрбір көрермен белсенді қатыса алады. Яғни, тақырыпқа қатысты сауалдарын жолдауға мүмкіндік қарастырылған. Саяси науқанға дейін тағы бірнеше теледебат ұйымдастыру жоспарланған. Өмір, мендегі ақпарат әзірге осы.