$469.85 €542.16 ₽5.78
×

Өңірлерде білім мен жастарды қолдау мәселесі талқыланды

Өңірлерде білім мен жастарды қолдау мәселесі талқыланды

Социал-демократтардың атынан Құрылтай сайлауына түсіп жатқан кандидаттар Көкшетаудағы мектептердің бірінде болды. Ұстаздармен кездесу  кезінде инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды дайындау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар мұғалімлерге қолдау көрсету, олардың мәртебесін көтеру және жұмыс жағдайын жақсарту туралы әңгіме қозғалды. Сондай-ақ Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері Қарағандыда жастармен кездесу өткізді. Ашық диалог барысында білім мен ғылымды дамыту, жас мамандарға қолдау көрсету, инновация мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Бас қосуда еңбекпен қамту, кәсіби қалыптасу, мансаптық өсу, жастарды қоғамдық өмірге тарту туралы сөз болды.

НҰРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз экологиялық акцияларды тұрақты түрде өткізіп келеміз. Бұл ретте Жастар саясаты басқармасымен тиімді ынтымақтастық орнады. Қарағандылық жастар «Сарыарқаның бұлақтарын сақтайық» экологиялық акциясына белсенді қатысып, ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысты.