$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Президент ҚХА кезектен тыс сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

AstanaTV
19.02.2016ж. 20:00
Президент ҚХА кезектен тыс сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс 23-ші сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. Онда Ассамблея сессиясын 21 ақпан күні Бейбітшілік және келісім сарайында өткізу үшін шаралар қабылдансын делінген.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ