$469.85 €542.16 ₽5.78
×

Атырауда ұлын алты рет пышақтаған ер адамға шартты жаза тағайындалды

Атырауда ұлын алты рет пышақтаған ер адамға шартты жаза тағайындалды

Атырауда ұлын алты рет пышақтаған ер адамға 3 жыл  шартты жаза тағайындалды. Сот барысында 57 жастағы азамат  айыпты толық мойындаған. Оқиға  қала маңындағы Томарлы ауылында  сәуір айында болған.  Анықталғандай, тойдан келіп, масаң күйде ұйықтап жатқан  әкесінің үстіне отырып алып, тұншықтыра бастайды. Ұлының әрекетіне ашуланған әкесі  қорғану мақсатында ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.  Сот-медициналық сараптамаға сәйкес,  ұлы  іш тұсынан бір, арқасынан 5 рет пышақ жарақаты анықталған. Оқиғадан кейін әкелі-балалы татуласқан. Ұлы жанжалды өзі бастағанын мойындаған. Сот ер адамға 3 жыл мерзімге шартты жаза тағайындап, сот залынан босатты.