Павлодар қаласында үшем дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, үшем бір эмбрионның табиғи жолмен үшке бөлінуі нәтижесінде пайда болған. Мұндай жағдай медициналық тәжірибеде өте сирек кездеседі.
Қазір сәбилердің біреуі перинаталдық орталық мамандарының бақылауында. Анасы қалған екі ұлымен бірге үйіне шығарылды.
Қазеновтер отбасы «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысқан. Бағдарлама жүзеге асырылған бес жыл ішінде Павлодар облысында 464 бала дүниеге келген.