$469.85 €542.16 ₽5.78
×

Өскеменде дүлей дауылдан 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды

06.08.2026ж. 12:52
Өскеменде дүлей дауылдан 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды
Фото: Өскемен әкімдігі

Өскемен қаласында қолайсыз ауа райының салдарынан шамамен 25 мың абонент жарықсыз қалды. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, қалада секундына 28 метрге дейін қатты жел соғып, жаңбыр жауып, найзағай ойнаған. Салдарынан шамамен 15 ағаш құлап, электр желілеріне зақым келген. Қазіргі уақытта жағдайдың жеке бақылауда екендігін жеткізген шаһар басшысы оқиға орындарында жедел және апаттық-қалпына келтіру бригадалары жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.

«Қолайсыз ауа райына байланысты қалада 15 ағаш құлады. Соның салдарынан қала бойынша 25 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз қалды», деді Алмат Ақышов.