Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елімізде 100 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

AstanaTV
12.03.2018ж. 20:00
3226
Елімізде 100 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

Елімізде 100 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж. Бұл туралы "5 президенттік бастама - әлеуметтік мемлекеттің қазақстандық үлгісі" тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.  Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалинаның мәлімдеуінше, Қазақстанда 470 мыңдай студент бар. Оның ішінде ауылдан келіп үлкен қалаларда білім алып жатқандар саны 200 мыңнан асады. Барлығына бірдей жатақхана жетіспейтіні белгілі. Айта кетерлігі, өзінің 5 әлеуметтік бастамасында Мемлекет басшысы 2022 жылға дейін жатақхана тапшылығын біржола шешуді тапсырды.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

101 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж. Енді аймақтық ерекшелігін көрсететін болсақ, әрине, бәрімізге түсінікті көп жағдайда жатақхана тапшылығы, орын алу әсіресе Алматы қаласында. Шамамен 22 700 жуық студент. Астана қаласында 7700. Сонымен қатар жатақхана тапшылығы Қарағанды облысына да тән. Бірақ бұл жерде ескері керек - бұл ЖОО-да.