Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Банктердің жеке тұлғалардан қосымша комиссия алуына тыйым салынбақ - Заң жобасы

AstanaTV
28.02.2018ж. 20:00
2526
Банктердің жеке тұлғалардан қосымша комиссия алуына тыйым салынбақ - Заң жобасы

Несие рәсімдегенде және шот ашқанда банктердің жеке тұлғалардан комиссия алуына тыйым салынады. Меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік жөніндегі заң жобасына осындай өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бүгін құжатты мәжіліс қабырғасында Әділет министрі қазақ тілінде таныстырды.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

Аталған операциялар кредиттеу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан олар бойынша жеке тұлғалардан қосымша комиссиялар алынбауы тиіс.

Баспанасын банкке кепілге қойып, ипотека алғандарға енді жылжымайтын мүлікті өзі сатуына құқық беріледі. Демек, баспана қожайыны пәтерін нарықтық бағамен сата алады деген сөз.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Егер біз борышкерлерге кепілге қойылған мүлкін сату құқын өзіне берсек, онда сатуға мүмкіндік беретін мерзімді де айқындауымыз қажет.

Депутаттар ұсынысын Әділет министрлігі мен Ұлттық банк те қолдап отыр. Егер заң жобасы мақұлданса, мемлекетке қайтатын жер нарықтық бағамен сатып алынады. Бұған дейінгі заңда "мемлекет мұқтаждығы үшін" деген түсінік болмаған көрінеді. Өткен жылы "Нұрлы жер" мен "Нұрлы жол" бағдарламалары бойынша қажетті жерді сатып алуға республикалық бюджеттен 5,1 млрд, жергілікті бюджеттен 30 млрд теңгедей бөлінген. Депутаттар биыл оған қанша қаражат жұмсалатынын сұрады.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Республикалық бюджеттен ондай ақша қарастырылған жоқ. Бюджетте 0 болып тұр. Былтыр біраз жұмыс істеліп қалды осы бағыттарда.