$469.93 €541.64 ₽5.71
×

Ақтауда көпқабатты үйден өрт шықты

Ақтауда көпқабатты үйден өрт шықты

Ақтаудың 17-шағынауданындағы 18 қабатты тұрғын үйдің 10 және 12-қабаттарындағы пәтерлерден өрт шықты.

Жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялап, дереу тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті.

Құтқарушылар 8 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Тағы 60 тұрғын, арасында 21 бала бар, өздері қауіпсіз жерге шығып үлгерген.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.