Қазақстанда QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды
Ол мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыруға, артық талаптарды болдырмауға және инфрақұрылымға жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
«eGov порталы да өзінің технологиялық мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп келді. Осыған байланысты жақында QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды. Қызметтер барынша оңай, пайдаланушы үшін ыңғайлы форматта жинақталды. Талаптар мен қадамдар саны азайды. Сұранысқа ие қызметтердің бір бөлігі жаңа форматта қолжетімді», — деді Жаслан Мәдиев.