$465.74 €537.23 ₽5.62
×

Нұрай Серікбай ісі: мемлекеттік айыптаушы өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Нұрай Серікбай ісі: мемлекеттік айыптаушы өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті Шерхан Аймахан өмір бойына сотталуы мүмкін.  Мемлекеттік айыптаушы бүгін соттан оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

МАДИЯР ӘБІЛҚАСЫМ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:

ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен өмір бойына бас бостандығын тағайындауын, ҚК 25-1 бабы 1 бөлігімен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауын, ҚК 115 бабы -1 бабымен 200 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауын, ҚК 58 бабы 4 бөлігін қолданып, түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын.  

Жарыссөзде жәбірленушінің қорғаушылары да ең ауыр жаза беруді сұрады. Ал марқұмның әкесі соттан әділ шешім күтетінін айтты. Айта кетейік,  түске дейінгі сот отырысында айыпталушы тарап қайталама сот психиатриялық сараптама тағайындау туралы талап-тілек келтірген болатын. Алайда сот ол талапты қанағаттандырмады. Бүгін  сотталушы Шерхан Аймаханның өзіне де сөз берілді. Еске салайық, 21 жастағы студент Нұрай Серікбай 11-қаңтар күні пышақ жарақатынан көз жұмды.