$465.19 €536.55 ₽5.61
×

Павлодарда 470 мың теңге ұрлады деген күдікті "ізін суытпай" ұсталды

Павлодарда 470 мың теңге ұрлады деген күдікті "ізін суытпай" ұсталды
Polisia.kz

Павлодар қаласында полицейлер жеке үйге терезе арқылы кіріп, 470 мың теңге көлемінде ақша ұрлады деген күдіктіні жедел ұстады.

Полицияның кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның үйіне терезе арқылы кіріп, ақша қаражатын ұрлап кеткенін айтқан. Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы қысқа мерзім ішінде анықталып, ол ұсталды.

– Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Полиция азаматтарға мүліктің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Ақша мен бағалы заттарды көзге түсетін әрі қолжетімді жерде қалдырмаған жөн. Үйден шығар кезде есік пен терезелердің жабық екеніне көз жеткізу қажет. Сонымен қатар тұрғын үйді сенімді құлыптармен, күзет дабылы немесе бейнебақылау жүйесімен жабдықтау ұрлықтың алдын алуға және мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.