Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Теріс діни ағымдарды насихаттайтын топтар Ислам әлемінің дамуын тежегісі келеді - Қасым-Жомарт Тоқаев

AstanaTV
02.03.2018ж. 20:00
5180
Теріс діни ағымдарды насихаттайтын топтар Ислам әлемінің дамуын тежегісі келеді - Қасым-Жомарт Тоқаев

Теріс діни ағымдарды насихаттайтын топтар Ислам әлемінің дамуын тежегісі келеді. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Бүгін Астанада Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы өтті. Жиынды ашқан Сенат спикері мұсылман әлеміндегі ізгі бастамаларды жоққа шығаруға мүдделі радикалды күштердің алға ұмтылып жатқанына алаңдаушылық білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Жихад идеяларын насихаттайтын, экстремизм мен лаңкестік жолымен жүретін радикалды топтар елеулі саяси күшке айналды. Олар мұсылмандардың барлық тарихи кезеңдерінде барша дін өкілімен диалогқа дайын болғанын және ешкімге зиян келтірмегенін естен шығарған. Ислам әлемінің оқшауланып, дамуын тежеуге итермелеп жатыр.

Жиында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз діни экстремизмнің алдын алу үшін Еуразия мұсылмандарының рухани бірігу тұжырымдасын әзірлеуді ұсынды. Құжат ислам әлеміндегі қауіпсіздік пен дамудың жаңа әдістеріне бағытталмақ. Ал қырғыз елінің дінбасы, "жихад жолына аттандық" деп адасып, шекара асатындардың әсіресе Орта Азиядан шығып жатқанына өкініш білдірді.

Мақсатбек қажы Тоқтамысов, Қырғызстанның бас мүфтиі:

Мына интернет деген бәле шыққан, байқасаңыздар, білімді имам немесе хатиб емес кетіп жатқандар. Алданып кеткендер барлығы. Орта Азия мүфтияттары келісім қылып, радикализмге қарсы күресуіміз керек. Әрине, бұл тұрғыда мемлекеттің, журналистердің қолдауы керек тура дінді түсіндіру үшін.