$439.37 €498.6 ₽5.22
×

Алматыда бүгін 4 ауданда жарық өшіп, жұрт әбіргерге түсті

AstanaTV
14.08.2026ж. 19:00
Алматыда бүгін 4 ауданда жарық өшіп, жұрт әбіргерге түсті

Алматыда бүгін 4 ауданда жарық өшіп, жұрт әбіргерге түсті. Көшелерде 9 балдық кептеліс болды.   Бағдаршамдар жұмыс істемей қалған. Көлік қозғалысы қиындап, картада көшелер қою қызыл түске боялды.  Сондай-ақ Канье Уэст концертіне байланысты бірқатар жолдың жабылуы жағдайды тіпті қиындатқан.

Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі.Жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында.