Оралда 8 жастағы қыз септикке құлап қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, құдық жеке үйдің аумағында орналасқан көрінеді. Зардап шеккен бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ауыр күйдегі жеткіншек есін жимастан көз жұмды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
АЛИМА ҒАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.