Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Тобыл өңірінде «Ұрпақтар сабақтастығы» партиялық жоба аясында танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастырылуда

AstanaTV
02.03.2018ж. 20:00
4114
Тобыл өңірінде «Ұрпақтар сабақтастығы» партиялық жоба аясында танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастырылуда

Үлкенге құрмет - кемелді келешек ұрпақтың міндеті. Қостанайдағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» шәкірттері апта сайын аймақтың танымал тұлғаларымен кездесу өткізіп келеді. Игі шара «Жас Отан» жастар қанатының «Ұрпақтар сабақтастығы» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Кезекті келелі кездесуде қоғам қайраткері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Жанділдә Мақанов жас ұрпақтың сан-сауалына жауап берді. Ғибратқа толы ғұмырынан сыр шертті. Жеке қорында екі мыңнан астам кітабы бар танымал тұлға жеткіншектерге көп оқуды, іркілмей ізденуді, алға талпынуды өсиет етті.

Алтынгүл Айсарқызы, тарих пәнінің мұғалімі:

Рухани жаңғырудың мақсаты бойынша біз өзіміздің Қазақстанға еңбек сіңірген тұлғаларды құрметтеуіміз керек. Қазақстанда "100 жаңа есім" деген жоба бар. Осы жобаға кіру үшін, бойымызға қандай қасиеттер дару керек, қандай білім алу керек, қандай кітаптарды оқысақ, алға қойған мақсаттарға жете аламыз, деген сынды сұрақтарға жауап беру үшін, осындай кездесулерді біз әр бейсенбі сайын ұйымдастырып отырамыз.