Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың "Бернлиге" ауысуына қатысты қаржылық мәліметтер жарияланды, деп жазды Penalty.kz.
Transfermarkt порталының дерегінше, қазақстандық футболшы “Бернли” сапында 2026/27 маусымының соңына дейін жалға алу шартымен өнер көрсетеді. Жалға берілуі тегін емес. Ақпаратқа сәйкес, ағылшын клубы қазақстандық шабуылшыны бір маусымға алу үшін 350 мың еуро төлейді. Бұл сома шамамен 187,6 миллион теңгеге тең.
Осылайша Сәтпаев 2026/27 маусымын “Бернли” құрамында өткізіп, Англияда тұрақты ойын тәжірибесін жинауға мүмкіндік алады.