$464.02 €536.18 ₽5.54
×

23 тамызда Астанада LRT мен автобуспен жүру тегін болады

23 тамызда Астанада LRT мен автобуспен жүру тегін болады
Фото: Артем Чурсинов

Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады.

CTS мәліметінше, тегін жол жүру мына бағыттарда қолжетімді:

- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;                                                           
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.

Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
CTS жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.