$461.39 €534.75 ₽5.45
×

Алматыда тұрғындарға үй маңында тегін автотұрақ беріледі

AstanaTV
17.08.2026ж. 19:00
Алматыда тұрғындарға үй маңында тегін автотұрақ беріледі

Алматы тұрғындары үшін автотұраққа қатысты жаңа мүмкіндік пайда болды. Енді көпқабатты үйдің меншік иелері мен жалға алушылары өз пәтерінен 500 метрге дейінгі радиуста орналасқан бір коммуналдық автотұрақты тегін пайдалана алады. Жеңілдік бір пәтерге бір көлікке ғана беріледі. Ол үшін басқарушы ұйымның интернет-ресурсы немесе азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай платформа арқылы өтініш беру қажет. Алайда бұл жеңілдік жерасты, көпдеңгейлі және механикаландырылған автотұрақтарға қолданылмайды.

АСХАТ ЖАМАЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгіннен бастап Алматы қаласының тұрғындары тиісті өтінішті Almatyparking.kz платформасы, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай eOtinish платформасы арқылы бере алады. Бірақ нақты бір тұрақ орны тұрғынның атына бекітілмейді. Ол жалпы автотұрақты таңдап, сол автотұрақтағы кез келген бос орынға көлігін қоя алады.