$461.39 €534.75 ₽5.45
×

Әке жолын жалғаған атыраулық бағбан 5 гектар жерде алма бағын жайқалтып отыр

Әке жолын жалғаған атыраулық бағбан 5 гектар жерде алма бағын жайқалтып отыр

Атыраулық бағбан 8 гектар жерде алма бағын жайқалтып отыр.  Қала іргесіндегі Сарыөзек ауылының тұрғыны Мұрат Халықов маңдай терін төккен  адамға жер ананың берері мол,- дейді. Бүгінде  отбасылық кәсіпте үлкен-кіші бәрі бірдей еңбек етеді. Сүйікті ісімен айналысып қана қоймай, халықты жергілікті өніммен қамтамасыз етіп отыр.

Жайқалған бақтан алманың иісі  мұрын жарып,анадайдан  еріксіз шақырады.  Бұл аумақ Мұрат Халықов үшін ерекше қымбат. Өйткені өткен ғасырда бақта ата-анасы еңбек еткен. Өзі де  бала кезден бағбандықтың қыр –сырын меңгерген. Тоқырау жылдары  тұрғындар ағашты отап, отындыққа пайдаланғанын көрген Мұрат аға  бақты қалпына келтіруге өзіне уәде берген екен. Қазір  5 гектар аумақта 550 алма ағашы өсіп тұр. Алманың 7, алмұрттың 4  түрлі  бар.

МҰРАТ ХАЛЫҚОВ, БАҒБАН:

Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын деген бар ғой. Алматинский апорттың үш сорты бар. Ранний бар, средний бар, поздний бар. Семеренко деген бар, бурхард деген алма бар, ренет деген алмалар бар. Олар да сол орташа шілде, тамыз пісетін орташа алмалар. 7 сорт алма бар енді. Арық сөйлеп, семіз шық,- дейді ғой, 4-5 тонна алатын болармын күзге шейін.

Алма бағы – отбасылық кәсіпке айналған. Жиым-терім кезінде үлкен-кіші демей жұмылады. Әкеден үйреніп, жылдар бойы жиған тәжірибесін, табиғатты сүйіп, бағалауды немелеріне үйретіп, еңбекке баулып жүр.

АЙНҰР МҰРАТОВА, ҚЫЗЫ:

Мындай енді ерте пісетін алмалар бастап піскен күннен бастап, біз осы алмаларды жаз бойы сатамыз. Күз мезгілінде кеш пісетін алмалар бар. Осы қарашаға  дейін осы жерде жүреміз, сатысамыз, көмектесеміз жинасуға. Өнімге сұраныс өте көп. Біз көбіне үлгере алмаймыз.

40 жыл мұнай-газ саласында еңбек еткен  бағбан табиғаттың тілін тапсаң, берері  көл-көсір,- дейді. Ол  алматы сатып қана қоймай, одан табиғи өнімдерді дайындауды жоспарлап отыр. Балаларға арналған жеміс езбесін, бал жасауды қолға алмақ.